Қоғам

Парақорға қатысты сот үкімі шықты

Қылмыстың өтеуі – жаза! Қызылжар аудандық соты “Соколовское” орман шаруашылығы директорына қатысты үкім шығарды.

Естеріңізге салайық, Мереке Құрманғалиев жеке компания директорынан 396 мың теңге пара алғаны үшін жауапқа тартылды. Ол осынша көлемдегі ақшаға 600 текше метр ағашты кесу мен шығаруға рұқсат қағазын жасамақ болыпты. Алайда, арам ойы іске аспаған. Сот экс-шенеунікке 6 миллион 750 мың теңге айыппұл салды. Азамат бұл қаржыны 2 айдың ішінде өтеуі тиіс. Ал төлемесе бұрынғы директор бас бостандығынан шектеледі. Айта кетейік, енді Мереке Құрманғалиев өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.

Байболат  Култанов