Ауа райы

Көптен күткен шыжыған жаз жетті

Көптен күткен шыжыған жаз жетті. Ертең шілденің 11-і облыс аумағында ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарыламақ.

Ал 12-сі сынап бағанасы 38-ге дейін жетеді деп болжануда. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осы ретте барлық сақтық шараларын ұстану қажеттігін еске салады. Балалар мен егде жастағы адамдарды қараусыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, саяжайшыларға да күндізгі жұмыстарды біршама уақытқа ысыра тұрған абзал.

Эльмира Садвокасова