Қоғам

Азық-түлік қымбаттады

Өңірде азық-түлік қымбаттай түсті. Әсіресе, еттің құны өсті.

Мысалы, 1 келі сиыр мен шошқа етінің бағасы 100 теңгеге жоғарылаған. Статистик мамандардың мәліметінше алғашқы жартыжылдықта ет пен шұжық 3,5% қымбаттапты. Тағы, көкөніс – 5,6, пияз – 70, сәбіз шамамен – 40, сарымсақ – 24, қызылша – 10, қырыққабат 5% жоғарылаған. Картоп 17% қымбаттады. Ал қияр керісінше – 42, қызанақ 21% арзандаған.

Байболат Бектемірұлы