Спорт

Сенімді жеңіс

Сенімді жеңіс! Сенбі күні петропавлдық “Қызыл – Жар” футбол клубы шымкенттік “Академия Оңтүстік” командасын 5-те 0 есебімен ұтты.

Ойындағы алғашқы голды 46-шы минутта Шота Григалашвили соқты. Кейін, Максим Драченко көзге түсті. Ол пенальтиден мүлт кетпей, басымдықты арттырды. Артынша Урош Делич белсеніп, қанжығасын майлады. Бұл күні шабуылшымыз Максим Скорых та қарсылас қақпашыдан айласын асырып, есепті 4-те 0-ге жеткізді. Ал кездесудің нүктесін Шота Григалашвили қойды. Қазіргі таңда жергілікті ұжым турнирлік кестеде 2-ші орында тұр. Қоржында 28 ұпай бар. Теріскейліктер келесі матчты 27-ші шілде күні, сырт алаңда “Қайрат- Жастар” құрамасына қарсы өткізеді.

Дана Сәлімқызы