Құқық қорғау органдары

Елорда күні қарсаңында тәртіп сақшылары құрметке бөленді

Полиция департаментінде елорда күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында облысымыздың бірқатар полиция қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері атқарған мінсіз еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара мерекелік концерттен басталды. Кейін кезек жиынның негізгі бөліміне де келді. Елорда күні қарсаңында қызметте ерлік танытқан, адал еңбек еткен бір топ маман құрметке бөленді. Оларға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Мұндай марапатқа көппен бірге Алмат Қарып та ие болды. Азамат облыс әкімінің алғыс хатын осыдан жарты ай бұрын жасаған азаматтығы үшін алып отыр.

Алмат Қарып, СҚО ПД көлік жүргізушісі:

– Бұл жайт департаменттің алдында болды. Бір қыз келіп маған 2 жасар баланың өзі жалғыз жүргенін айтты. Сосын мен манағы баланы тоқтатып, 102-ге хабарластым. Кейін анасы келіп алып кетті.

Сонымен қатар, өз міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көзге түскен полиция қызметкерлері жоғары дәрежедегі шенге ие болды.

Жалпы, бүгінгі мерекелік іс-шарада 30-ға жуық полиция қызметкері марапатталды.