Құқық қорғау органдары

Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда

Жыл басынан бері облыс бойынша көлік жүргізушілер тарапынан 900-ге жуық заңбұзушылық әрекеті байқалған.

Тәртіп сақшылары техникалық ақауы бар көліктерде жолаушы тасымалдаған азаматтарды да ұстаған көрінеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері төрт дөңгелекті тұлпар иелерін қатаң бақылауға алған. Оған қоса тұрғындардың жолдағы қауіпсіздігін сақтау үшін “Қауіпсіз жол”, “Лишённик” және “Автобус” сынды жедел-профилактикалық іс-шараларын жиі өткізіп жатыр. Сондай-ақ, «Рубеж» бөгеуіш посттарында рейстік автобустардың техникалық және санитарлық жағдайы үнемі тексеріліп тұрады.

Ешкенова Дана