Ауа райы

Алдағы бір-екі күнге арналған ауа райы

Енді ауа райы туралы ақпарға кезек берсек.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жіберген мәліметі бойынша алдағы бір-екі күнде өңірде тұман болады. Бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп болжанып отыр. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Осыған байланысты құтқарушы мамандар айтылған ақпарға құлақ асып, барлық қажетті шараларды қолға алу қажеттігін айтуда.

 

 

Данаш Хамзина