Спорт

Қызылжар “Алтайдан” айласын асырды

6 ұпайға татитын жеңіс! Сенбі күні жергілікті “Qyzyljar” СҚ футбол клубы семейлік Алтай құрамасын тізе бүктірді.

Сырт алаңда өткен кездесу 0 де 1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды теріскейлік жартылай қорғаушы Максим Драченко соқты. Ол 89-ші минутта пенальтиден мүлт кетпей, командасына жеңіс сыйлады. Айта кетейік, “Алтай” командасы оңай шағылар жаңғақ емес. Бұл ұжым бұған дейінгі 11 турда да ұтылған жоқ. Шығысқазақстандық құрама қазір 29 ұпаймен турнирлік кестенің көшбасында тұр. Олардан кейінгі сатыға жерлестеріміз жайғасқан.

Култанов Байболат