Спорт

“Полиция барысы” анықталды

Қазақ күресінен Ішкі істер министрлігінің чемпионаты аяқталды! Облыс орталығында ұйымдастырылған жарыс 2 күнге созылған болатын. Алдымен 80 келі және одан жоғары салмақтағы құқық қорғаушылар сынға түсті. Кейін, жеңіл салмақтағы палуандар белдесті. Сайыс қорытындысы бойынша 3-ші орын қарағандылықтарға бұйырды. Жамбыл облысының жігіттері жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасты. Ал көліктегі полиция департаментінің өкілдері жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер кубок, медалдармен марапатталды.

Асқар Омарқұлов – «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:

 – Болашақта осындай жарыстарда жеңіске жеткен палуандарды қазақ күресінен өтетін ел чемпионатына жіберуді жоспарлап отырмыз. Олар біздің намысымызды қорғайтын болады.

Култанов Байболат