Қоғам

Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Кеше облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өттi. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен құқықбұзушылықтың алдын алу туралы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің сапасы мен құқықбұзушылық жасауға итермелейтін себептерді жоюға арналған шаралар талқыланды. Кейін, Мамлют және Қызылжар аудандарындағы жергілікті атқарушы органдарында “бармақ басты, көз қыстылықты” болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселесі де өзекті. Бұл ретте өскелең ұрпақты спортқа тартудың маңыздылығы аталып өтілді.

Дана Ешкенова