Құқық қорғау органдары

Теріс діни ағымдарды насихаттаған екі петропавлдық жауапкершілікке тартылды

Петропавлда деструктивті діни ағымдарды әлеуметтік желілер арқылы насихаттаған екі азамат жауапкершілікке тартылды.

Бірі ватсапп месенджерінде аудио-бейне жазбаларды тарату арқылы салафизм ағымын үгіттеген. Екіншісі осындай материалдарды Вконтакте желісіндегі парақшасына жүктеп отырған. Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын қос петропавлдық бұл заңсыз қылықтары үшін – 100 Айлық есептік көрсеткіш, яғни 250 жарым мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Жалпы, жыл басынан бері петропавлдық полицейлер заңсыз таратылған діни кітаптар мен өзге де әдебиеттің 100 данасын тәркілепті.

Спартак Қабденов, СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

– ҚР заңына байланысты миссионерлік жұмыстарды жүргізу үшін діни ағымдар жергілікті органдарда тіркеуден өтуі тиіс. Сонымен қатар, діни әдебиеттер мен басқа да материалдарды тарату үшін де рұқсат қағазы керек. Жыл басынан бері облыс аумағында діни заңдарды бұзғаны үшін 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Саят Ермек