Бизнес және экономика

“Рухани жаңғыру” бағдарламасының іске асырылуы

“Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру”. Елбасы Н.Назарбаевтың мақалалық бағдарламасы 2017 жылдан бері мемлекеттің түкпір-түкпірінде сәтті жүзеге асырылуда.

Ол алдағы уақытта да жаңа Президентіміздің назарға алатын негізгі басымдықтарының бірі болып қала бермек. Бағдарламада көрсетілген әрбір бағыт бойынша тиісті шаруаның атқарылуына теріскейде де үлкен назар аударылады. Осылайша, облыс орталығында ішкі саясат басқармасына қарасты арнайы бөлім өз жұмысын бастады.

Эльмира Танақұлова, СҚО ішкі саясат басқармасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі бөлім башысы:

–  Бүгінде өңірімізде бағдарламаның 6 бағыты және 13 арнайы жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жұмысқа кез келген ел тұрғыны атсалыса алады. Лауазым мен қызметке қарай бөліну жоқ. Әсіресе, жастарды белсенділік танытуға шақырамыз.

Эльмира Садвокасова