Қоғам

Арысқа Петропавлдан 100 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Арыс қаласында болған жойқын жарылыстан зардап шеккендерге теріскейліктер кеше кешкісін гуманитарлық көмектің алғашқы легін жіберді.

Барлығы – 5 жүк көлігі. Олардың 4-уі қаладан аттанса, 5-шісі Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка селосынан жолға шыққан. Фуралардың барлығына азық-түлік, киім-кешек пен төсек-орын артылса, камазға құрылыс материалдары тиелген. Соңғы аталған дүниелер жарылыстан зақым тиген үйлерді жөндеуде пайдаланылмақ. Жалпы айта кететін болсақ, Арыс қаласының тұрғындарына 80 тонна азық-түлік, 18 тонна құрылыс материалдары мен тұрмыста қажет химиялық заттардың 110 келісі жіберіліпті.

Алтынбек Абдоллаев – СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Қолымыздан келгенше көмегімізді аямай Арыс қаласына 5 жүк көлігін жібергелі тұрмыз. Айта ететін болсақ, жол әрине алыстау. Қазір Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда арқылы Арысқа 2 күнде жетеміз деген ойдамыз. 

Дана Ешкенова