Құқық қорғау органдары

40 млн теңгені қолды еткен күдікті ұсталды

Тұрғындарды арбап, олардың қаржысын қолды еткен Бескөл ауылының тұрғыны ұсталды.

38 жастағы келіншек адамдардан ақша алып, орнына еселеп қайтарамын деп алдаған. Бастапқыда ол 100 мың теңгеден жинап, оны 120 мың көлемінде қайтарып берген. Бұлай адамдардың сеніміне кіру үшін жасаған көрінеді. Ал кейін 1 млн теңгеден сұрататын болған. Әйелдің айтқанын бұлжытпай орындағандар соңында сан соғып қалады. Алаяқ бұндай қитұрқы әрекетін өткен жылдан бері жасап келген көрінеді.

Осылайша 40 млн теңгені қалтаға басқан әйелдің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Маржан Касымбек