ТЖ

Балықшы құтқарылды

Балық аулаймын деп жазым бола жаздады. Есіл өзеніне 22 жастағы петропавлдық тұрғын қармақ салуға шығып ұйықтап кеткен. Жігіт отырған қайықтың гидроторапқа қарай ығысып бара жатқанын көріп қалған қос тәртіп сақшысы оны құтқарып қалды.

–  Тут лодка плывёт, вроде мужчина в лодке, как-то, короче, непонятно – мы его свистнули: «Дядька, дядька!» – он не откликается…

 – Но человек сидит там, да?

– Ну, не сидит, он как-то лежит, не лежит, вот не пойму, если честно, врать не буду…

– Направо, налево плывёт?

– Ну как, в сторону дамбы, плотины плывёт, сейчас выпадет.

Таңғы 5-тердің шамасында 19-шы ықшам ауданда жүрген балықшылардан полицияға осындай қоңырау түседі. Олар Есіл өзені бойымен үстінде адамы бар қайықтың гидроторапқа қарай жүзіп бара жатқанын хабарлаған. Бұл мәліметті ала сала оқиға орнына қос сержант Мейірбек Мейрам мен Талғат Іңкәров жетеді. Мамандар азаматқа дауыстайды. Бірақ, ол ешқандай белгі бермеген.

Мейірбек Мейрам – Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері:

– Қайық дамбаға жақындады. Сол кезде орталыққа хабар бердім де киімдерімді шештім, тапаншаны әріптесіме бердім де мына жерден суға секірдім.

Сөйтіп, өжет Мейірбек Мейрам толқынға қарамай жүзіп қайыққа жетеді. Ол жылдам қимылдап жүзу құралын жағаға алып шығады. Осылайша 22 жастағы азаматты өлімнен құтқарады.

– Сегодня мой второй день рождения.

 – У нас работа, служба…

– Я… если бы не вы, что бы со мной было, я даже не знаю…

Мейірбек Мейрам – 23 жаста. Ол – Қарағанды облысының тумасы. Петропавлда оқып, осы жақта тұрақтап қалған екен. Азамат 2016 жылдан бері полиция қызметінде еңбек етеді.

Байболат  Култанов