МТРА жаңалықтары

Сауатсыз жазылған жарнамалардың көрмесі өткізілді

Сауатты жарнама – тілге құрметтің белгісі. Дәл осындай атаумен бүгін қаладағы сауда орындарының бірінде акция өткізілді.

Шара барысында тіл мамандары, “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері мен еріктілерден құралған топ мемлекеттік тілде жазылмаған, сондай-ақ қате таңбаланған маңдайшалар, жарнамалар мен бланкілердің фотокөрмесін ұйымдастырды. Мәселен, мұндағы суреттерде бірқатар мекемелер мен сауда үйлерінің көрнекіліктеріндегі өрескел қателерді байқамай қалу мүмкін емес. Осы орайда тілдерді дамыту басқармасының мамандары мен еріктілер бірнеше нысанға кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Ернияз Сұлтанов – СҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

– Тілдерді дамыту орталығының басқармасы жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын осындай мәселе бойынша рейдтік шаралар өткізеді. Оған қоса акция да ұйымдастырылып жатыр.