ТЖ

Петропавлда бір жасар қыз терезеден құлап, мерт болды

Жаға ұстатарлық жағдай. Петропавлда бір жасар қыз терезеден құлап, мерт болды. Оқиға кеше кешке Қазақстан Конституциясы көшесінде орын алды. Қараусыз қалған бүлдіршін баспананың 9-шы қабатынан құлдилаған. Алған жарақаттарынан ол бірден көз жұмды.

Осыған ұқсас жағдай шаһарда өткен аптада тапа тал түсте орын алған болатын. Маусымның 11-і 2 жасар бала 5-ші қабаттағы үйдің терезесінен құлап, жан тапсырды. Құтқарушылар ата-аналар қауымына барлық сақтық шараларын қаперде ұстауды ескертеді. Терезе мен балкон жанында ойнап жүрген балаларды көзден таса қылмаған жөн. Сондай-ақ, жиһаздарды терезелердің маңына орнатпауға кеңес береді.

Эльмира Садвокасова