Бизнес және экономика

4 айда СҚО мен ЕАЭО елдері арасындағы алыс-беріс 98,4 млн долларды құрады

Солтүстік Қазақстан облысы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы алыс-беріс қаңтар мен сәуір айлары аралығында 98 жарым млн АҚШ долларын құрады. Мұндай мәліметті өңір статистиктері беріп отыр.

Одаққа мүшелік ететін мемлекеттерден 4 ай ішінде теріскей өңірі шамамен 84 млн доллардың өнімін импорттаған. Ал 14,5 млн доллардың тауарын экспортқа шығарыппыз. Серіктес елдердің арасында көшбасшы – бұл Ресей. Оның тауар айналымындағы үлесі бақандай 95,5 процентті құрайды. Екінші орында – Беларусь Республикасы, ал үздік үштікті Қырғызстан тұйықтайды.

 

 

 

Саят Ермек