Экология

Жағымсыз иіс шыққан кәріздік құбырлар тазартылды

Кеше ғана қаланы жайлаған жағымсыз иіс туралы бейнематериал әзірлеген болатынбыз.
Газға ұқсайтын иістің кәріздік жүйеден шығып жатқаны туралы айтылды. Және бұл бәзбіреулер мұнай өнімдерін кәріздік жүйеге құйып жібергендіктен, туындаған делінді. Қазір бұл әрекетті жасаған адамды тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

“Қызылжар су” серіктестігінің бас инженері Сергей Визеров 35 жылда осындай иісті бірінші рет сезінгенін айтады. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның 30 жұмысшысы кәріздік құбырларды бір жарым күн бойы жуып-шайған.

Сергей Визеров, «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:

– Біз ең алдымен 3 гидрантты іске қостық. Бізге өрт сөндірушілер де өз көмегін аямады. Коллектор мен сорғы станциясының қабылдау камерасын тазарттық. Аталған мақсатқа сұйық сабынның 400 литрі жұмсалды. Бұл жұмыс кеше түнгі 11-ге дейін жүргізілді. Қазір кәріздік сорғы станциялары таза. Жағымсыз иіс азайғанымен, әлі де сезіледі.

Актолкын Солтанханкызы