Көлік және жолдар

Ақылы жолдарға сараланған тариф енгізілді

Қазақстанның ақылы жолдарында жеңіл көліктердің жүруіне қатысты сараланған тариф енгізілді. Өзгеріс бүгіннен бастап күшіне енді.

Жолаушылар енді Нұр-Сұлтан қаласынан Щучинск немесе Теміртауға жету үшін бір бағытқа 400 теңге төлейді. Алматыдан Қапшағайға жету үшін белгіленген сома бұл көлемнен 200 теңгегеге азырақ. Алматыдан Қорғасқа дейінгі аралық сәл қымбатқа түседі. Бұл бағытқа 600 теңге бекітіліп отыр. Жол ақысын онлайн түрінде алдын ала төлем жасасаңыз жаңағы аталған соманың жартысын ғана өтеуге мүмкіндік бар. Бұл жаңашылдық көлік кептелесін туғызбай, машиналардың жылдамырақ жылжуына және жүргізушілердің уақытын үнемдеуге септеспек.

Маржан Касымбек