Спорт

“Qyzyljar” қонақта “Мақтарал”-ды тізе бүктірді

Кезекті жеңіс! “Qyzyljar” футболшылары қонақта “Мақтарал”-ды 1:2 есебімен тізе бүктірді. Матч кеше Атакент елді мекеніндегі Алпамыс батыр атындағы стадионда өтті.

Петропавлдық құраманы 17-ші минутта Павел Кривенцев алға шығарды, ал 38-ші минутта Ельмар Набиев есепті еселей түсіп, 0:2-ге жеткізді. Есеп кездесудің соңғы минуттарына дейін сақталды. Алайда, төреші қосқан қосымша 6 минуттың ішінде “Мақтаарал” капитаны Олег Пасеченко намыс голын соқты. Қорытынды есеп – 1:2. 1-ші лига құрамалары арасындағы ел чемпионатының турнирлік кестесінде “Qyzyljar” клубы қазір 3-ші орында тұр. Команда қоржынында – 19 ұпай.

 

Саят Ермек