МТРА жаңалықтары

Облыс аумағында ескі зеңбірек оғы табылды

Есіл ауданындағы Чириковка ауылында зеңбірек оғы табылды. Жарылғыш затты жергілікті тұрғын ауласындағы металл сынақтарының арасынан тапқан.

Құқыққорғаушылар снарядты контейнерге салып, зерттеуге жіберген екен. Кейін, оны жаттығу алаңының аумағында жойған. Жарылғыш зат Азаматтық соғыс жылдарынан қалған деген болжам бар.

 

Култанов Байболат