ТЖ

“City Mall” сауда үйінде төтенше жағдай орын алды

Бүгін күндіз “City Mall” сауда үйінде төтенше жағдай орын алды. Үшінші қабаттағы дәмханалардың бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

Төтенше жағдай туралы хабар өрт сөндірушілерге күндізгі сағат 15:43-те түседі. Мамандар оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеткен. Абырой болғанда, қысқа тұйықталу өрттің таралуына әкеп соққан жоқ. Дегенмен, электр сымдарын тексеру үшін ғимараттан қызметкерлер мен келушілер сыртқа шығарылған. Барлығы – 250 адам.

 

Ешкенова Дана