Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары арасында слет өткізілді

Облыстық полиция департаментінде жас қызметкерлер және олардың тәлімгерлерінің слеті өткізілді.

Екі күнге жалғасқан шарада еңбек өтілі бір жылға толмаған мамандар семинар мен тренингтерге қатысып, тәжірибе жинақтады. Ал тәлімгерлер арасында байқау ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары заңнама бойынша білімдерін тексертіп, дене шынықтырудан даярлықтарын көрсетті. Нәтижесінде 100 қызметкердің арасынан Аққайың аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы Александр Лизун жеңімпаз атанды. Үздік шыққан маман алғыс хатпен марапатталды. Ал қалған қатысушылар сертификаттарға ие болды.

Маржан Касымбек