ТЖ

Шаһарда өрт оқиғасы тіркелді

Петропавлда тағы да өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы төтенше жағдай жұмысы тоқтап тұрған “Астық-Агро” элеваторының шеберханалық цехінен шыққан. Тілсіз жау 220 шаршы метр аумақты алып, төбесі мен жабындысын құртқан.

Құтқарушыларға өрт туралы хабар сағат түскі 3-тен 15 минут кеткенде түссе керек. От 4-тен 40 минут асқанда сөндіріледі. Тілсіз жауды ауыздықтауға 12 бірлік техника мен 36 маман жұмылдырылған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері мен апаттан туындаған шығын мөлшері анықталып жатыр.

Актолкын Солтанханкызы