Денсаулық сақтау

Өңірде көпбейінді аурухана салынады

Түрік инвесторы Петропавлда әлемдік стандарттарға сай келетін көпбейінді аурухана салады. Бұл келісімді тараптар құжат жүзінде бекітті.

Әлемге әйгілі компания медициналық мекемені салып қана қоймай, оны басқарумен де айналысатын болады. Осы жөніндегі меморандумға «YDA Holding» түрік компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қол қойысты. Меморандумға қол қою рәсіміне ел премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.

Маржан Касымбек