Құқық қорғау органдары

Петропавлда 2 жасар бала 5-ші қабаттан құлап, мерт болды

Петропавлда 2 жасар бала 5-ші қабаттағы терезеден құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға бүгін тапа тал түсте Уәлиханов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды.

Қараусыз қалған ұл бала терезеге шығып, оны ашып, абайсызда төменге құлдилай жөнелген. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем көлігі жетеді, алайда кішкентайды құтқару мүмкін болмады. Алған жарақаттарының салдарынан бүлдіршін бірден жан тапсырған.

Саят Ермек