ТЖ

Жұмысшы кентінде өрт шықты

Кеше түнде қаладағы Жұмысшы кентінде өрт шықты. Қызыл жалын Караванная көшесі бойындағы жер үйдің шатыры мен дәлізін шарпып, 30 шаршы метрге жайылған.

Жапа шеккендер жоқ. Үй иесі 4 баласы мен жұбайын тілсіз жау құрсауынан аман-есен алып шыққан. Баспанадағы газ баллонын да отағасы уақытылы сыртқа шығарған. Өрт сөндірушілерге қоңырау сағат 23:06-да түседі. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетіп, өртті 40 минуттың ішінде ауыздықтаған. Бұған 17 адам мен 5 бірлік техника тартылыпты. Жалынның бас көтеру себебі мен шығын көлемі анықталуда.

 Саят Ермек