МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

Сайлаудың алдын ала нәтижелері

Бүгін таңертең Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Саяси додада Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

Оған 6 жарым млн қазақстандық, яғни сайлаушылардың 70,76%-ы дауыс берген. Екінші орын “Ұлт тағдыры” қозғалысының кандидаты Әміржан Қосановқа тиесілі. Оның еншісінде -16,2%, яғни 1 млн 400 мың отандасымыздың даусы. Ел тарихында президент сайлауына түскен алғашқы әйел кандидат Дәния Еспаева 478 мың қазақстандықтың даусын жинап, 5,2%-дық көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.

Саят Ермек