МТРА жаңалықтары

Кезектен тыс Президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай өтті

Кеше ғана өткен сайлауда солтүстікқазақстандықтардың шамамен 80% өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді. Өңірдегі науқан барысын 48 халықаралық байқаушы бақылаған екен.

Облыс аумағында барлығы – 663 сайлау учаскесі жұмыс істеген болатын. Оның 93-і Петропавл қаласында орналасты. Теріскейдегі бөлімшелерде бірде-бір заңбұзушылық тіркелген жоқ. Маңызды науқанға тұрғындар белсенді қатысыпты.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Халық өз таңдауын жасады. Мінекей, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 70%-дан артық дауыс жиналды. Халық өз үмітін ақтауға сенім білдіріп отыр. Біздің өңірдің бір ерекшелігі, осындай үлкен сайлауларда бір кісідей атсалысып, басқа өңірлерге қарағанда белсенділікті танытады.

Ербақыт Амантайұлы – «Soltüstik Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары:

– Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі, бақылаушылар жақсы бір қызмет атқарды.

Ешкенова Дана