МТРА жаңалықтары

Өңірдегі сайлау барысы

Кезектен тыс Президент сайлауы жайындағы жаңартылған мәліметтерге тоқталайық. 18-00-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, өңір бойынша саяси науқанға қатысқандардың саны 304 497-ге жетіпті.

Яғни, дауыс беру құқығына ие солтүстікқазақстандықтардың 75,7 пайызы азаматтық борышын орындаған. Өңіріміздегі маңызды шараның барысын  Халықаралық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары және сенімді өкілдерден құралған 1200-ден аса адам бақылады. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының мәліметіне сүйенсек, бөлімшелерде ешқандай заңбұзушылық орын алмаған.

Ерболат Бекшенов – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

–  Сайлаушылардың сайлауға қатысуы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Мамлют, Ғ.Мүсірепов, Айыртау аудандарында тіркелген. Мұндағы келгендердің саны 90 пайызды құрайды. Ең төменгі көрсеткіш – Петропавл қаласында, 50 пайыз.

Эльмира Сәдуақасова