МТРА жаңалықтары

Мамыр айындағы күнкөріс деңгейі

Ал енді статистикалық мәліметтерге тоқтала кетсек. Мамыр айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 166 теңгені құрады.

Теріскейліктер қаражаттарының 19 пайызын ет пен балық алуға жұмсапты. 4 мың теңгеге – сүт, май өнімдері мен жұмыртқа сатып алса, 2600-дейі жеміс пен көкөніске кеткен. Шығынның бір пайызы нан мен жармаға тиесілі. Азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызмет түрлеріне жұмсалған ақша – 11 775 теңге. 13 жасқа дейінгі балалардың күнкөрісіне мамырда орташа есеппен 20 709 теңге қажет болған. Статистиктердің мәліметіне сай, ер азаматтар – 31 200, ал нәзікжандылар 24 800 теңге жұмсапты.

Эльмира Садвокасова