Қоғам

Фронт-кеңсенің жұмысы

Бизнес жүргізуде қандай мәселелер кездеседі? Оны қалай шешуге болады? Осы және басқа да сұрақтармен солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Оқушылар сарайында орналасқан фронт-кеңсеге жүгіне алады.

Бұл нысан «Бизнес пен инвестицияны қорғау» жобасы аясында былтыр ашылған болатын. Жарты жылдың ішінде мұндағы мамандарға 40-қа жуық кәсіпкерден өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, «Бизнес пен инвестицияны қорғау» жобасы аясында фронт-кеңсе мен теріскейлік 12 компания арасында 138 млрд теңгенің келісім шарты жасалыпты.

Елена Степаненко – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Келісім шарттың басты мақсаты – ауыз бастырық пен көз қыстылыққа жол бермеу. Негізі, кез келген кәсіпкер немесе инвестор мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат алғысы келсе жобалық кеңсеге жүгіне алады. Сондай-ақ, келісім шартта көрсетілген талаптар дұрыс атқарылмай және парақорлық фактілері орын алып жатса оны тыю жұмыстары жүргізіледі.

Дана  Ешкенова