ТЖ

Жыл басынан бері 3 адам су құрбаны болды

Жыл басынан бері өңірде 3 адам суға батып кеткен. Алғашқы оқиға -сәуір айында, екінші қайғылы жайт өткен демалыс күндері тіркелді.

Ал бүгін Тайынша ауданында 3-ші жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Шағалалы өзенінен 15 жастағы баланың мәйіті табылды. Жасөспірім 27-ші мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен екен. Оған іздеу салынғанымен ешкім таба алмапты. Дегенмен жерлесіміздің денесін таңертең сол маңда жүрген балықшы анықтайды. Оны судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырыпты. Қазір сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұрат Қанғожинов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Суға батып кеткен баланың жүйке жүйесінде ауытқулар болған. Ол бұған дейіне бірнеше рет үйінен кетіп қойып жүріпті. Жасөспірімнің денесінен зорлық белгілері табылмады. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін түрлі рейдтік шаралар өткізіліп жатыр. Оның барысында мамандар тұрғындармен тілдесіп, жадынама қағаздар таратуда.

Дана  Ешкенова