Спорт

“Мен-патриотпын” спорттық акциясы өтеді

Маусымның 4-і елімізде мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіледі. Осыған орай, ертең өңірде «Мен-патриотпын» атты спорттық акция ұйымдастырылмақ. Шара облыс орталығында, сондай-ақ әрбір ауданда таңғы 11-де бастау алады.

Бұқаралық жүгіруге шаһардан шамамен 800-дей адам тартылуда. Акция барысында жергілікті спортшылар өнер көрсетіп, тұрғындардың назарына мерекелік концерт ұсынылады.

Данияр Жулдаспаев – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Шара мемлекеттік гимн айтудан басталады. Кейін тұрғындар президенттік қашықтыққа, яғни 2400 метрге жүгіреді. Акция барысында Жанат Жақиянов, Ирина Эктова сынды аты әлемге әйгілі спортшыларымыз қолдау танытпақ. Марафон Горький көшесінен бастау алып, Кәрім Сүтішев, Пушкин бойымен жалғасып, Қазақстан Конституциясы көшесінде аяқталады.

Эльмира Садвокасова