Спорт

“Qyzyljar” FC жеңіске жетті

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Бүгін петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы қарағандылық “Шахтер-Булат” құрамасын қабылдап, жеңіске жетті.

Бірінші таймның 40-шы минутында қызылжарлық ШотА Григалашвили 11 метрлік айып добын сәтті жүзеге асырып, есеп ашты. Ал екінші таймның 17-минутында Эльмар Набиев қарсылас қақпасының осал тұсын таба біліп, есепті еселей түсті. Матч 2:0 есебімен аяқталды. Бұл жеңістен соң “Qyzyljar” футбол клубы турнирлік кестеде 5-ші орынға жайғасты.