Құқық қорғау органдары

Жолда жүру ережелерін сақтау туралы акция

«Жүргізуші, біз жазғы демалысқа шықтық!» Петропавлда осындай атаумен акция бастау алды. Шараның мақсаты – темір тұлпар тізгіндегендерге жолда тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы қаперлеріне салу.

Оқушылар бұл ойларын сурет арқылы жеткзуге тырысты. Осылайша спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының шәкірттері барлығы 20 сурет таратқан. Шара Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында аяқталды. Мұнда жасөспірімдерге жалғыз өздеріне көшеде түнгі 10-нан кейін жүруге болмайтындығы туралы айтылды. Бұл талап сақталмаған жағдайда баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

Зарима Жакина – Петропавл қаласының ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

 – Жолда түрлі оқиғалар болып жатады. Келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында осындай шаралар өткізіп жатырмыз.

 

 

Данаш Хамзина