Қоғам

Петропавлға Өзбекстаннан делегация келеді

Мамырдың 31-і өңірімізге Өзбекстанның Хорезм облысынан делегация келеді. Осыған орай маусымның 1-і мен 2-сі күндері қалалық әкімдік алдындағы орталық алаңда көршілес елдің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Онда өзбек ұлттық киімдері, түрлі тағамдар, ыдыс-аяқ пен жеміс-жидек саудаланады. Тауарлардың бағасы қолжетімді болмақ.

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Қазақстанда биыл Өзбекстан жылы деп жарияланып отыр. Екі ел арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында жер-жерде бірқатар шаралар өткізіліп жатыр. Біздің өңірге Хорезм облысы делегациясының сапары аясында бірлескен жобалар талқыланады. Мәселен, теріскейге аталған мемлекеттен жыл бойына көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдау мүмкіндігін қарастырамыз.

Маржан Касымбек