Спорт

“Олимпиада үміті” ақциясы өтуде

Петропавлда “Олимпиада үміті” атты акция бастау алды. Осымен 6-шы рет ұйымдастырлып отырған шараның мақсаты – оқушыларды спортқа баулу.

Жиынға өңіріміздің 13 ауданынан 45 оқушы қатысты. Олардың әрқайсысы спорт саласындағы белгілі бір разрядтарға ие. 2 күнге жалғасатын акция барысында ұл-қыздар қаладағы түрлі спорттық мекемелерді араламақ.

Айта кету керек, қазіргі таңда өңірімізде 360-қа жуық спортшы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүр. Араларында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынның түлектері де бар.

Руслан Есеналин, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат базасында биыл спорт коледжі құрылды. Ол өз жұмысын алдағы оқу жылында бастайды. Осылайша дарынды жастардың оқу іздеп өзге қалаларға кетіп қалмай, осында білім алуына жағдай жасалып отыр. Кейін олардың бапкер ретінде еңбек етуіне немесе спорт саласындағы кәсібін жалғастыруына мүмкіндіктері болады.

Култанов Байболат