Құқық қорғау органдары

Петропавлда 77 жасар қарияны көлік қағып кетті

Жолды қысқартамын деп, апаттық жағдай тудырды.

Оқиға бүгін кешке Брусловский көшесі бойында орын алған. Жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 77 жасар қарияны “Лада” автокөлігінің жүргізушісі байқамай қалған. Нәтижесінде жаяу жүргінші темір тұлпардың копотына соғылып, құлап түскен. Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласыпты. Кейуана ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

 

Саят Ермек