ТЖ

Жылу трассасынан өрт шықты

Петропавлда жылу трассаларының бірі отқа оранды. Оқиға “Еуразия” сауда үйінің маңында орын алған.

Төтенше жағдай туралы ақпарат, өрт сөндіру бөліміне кешкі сағат 6-дан 5-минут кеткенде келіп түскен. Құбырдың жанып жатқанын сол ауданда тұратын петропавлдық көріп, бірден құтқарушыларға хабар берген. Жалын 20 шаршы метр аумаққа жайылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.

Ернар Рүстем, Петропавл қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:

– Төтенше жағдай орын алған жерге 18:09 -да жеттік. Келген кезде жылу трассалары жануы байқалды. Өрт 10 минут ішінде өшірілді. Жалынды сөндіруге 5 адам мен 1 көлік қатысты.

Актолкын Солтанханкызы