Денсаулық сақтау

Зертханалық ақпараттық жүйе: міндеттері мен артықшылықтары

Тез әрі ыңғайлы. Дәрігерлер мен науқасатар электрондық құжат жүйесіне өз бағасын беріп үлгерді. Енді салаға тағы бір жаңашылдық енгзілілуде. Ол – зертханалық ақпараттық жүйе.

Науқасқа дұрыс диагноз кою үшін дәрігерлерге анализ нәтижелері көмектеседі. Сол себепті бұл процесске жауапты қарау керек. Осы орайда бағдарламашылар зертханалық ақпарат жүйесін құрды. Соның арқасында өңірдегі 150-ге жуық лаборанттың жұмысы едәуір жеңілдеп отыр. Өйткені, бұған дейін олар компьютерге анализ нәтижелерін өздері енгізіп келген.

Татьяна Филиппова- облыстық аурухананың зертхана меңгерушісі:

 – Бұған дейін анализдерді қолмен жасап келдік. Күніне 18 мың нәтижені компьютерге енгізетінбіз. Оған көп уақыт кететін. Ең алдымен науқастарды журналға тіркеп, кейін барлық деректерді медициналық ақпараттық жүйеге немесе қағазға түсіретінбіз. Ал енді зертханалық ақпарат жүйенің арқасында барлық мәлімет автоматты түрде дәрігерге жетеді. Сөйтіп науқастар анализдерін уақытынан бұрын көре алады.

Енді қан алынғаннан кейін, сынамаларға бірден осы жерде штрих код тағылады. Онда емделуші жайлы барлық деректер сақталған. Ақпарат құпия болғандықтан науқас жайлы мәліметті тіпті лаборанттың өзі де білмейді. Сөйтіп, сынамалар зертханаға жеткізіліп, автоматты түрде сұрыпталады.

Антон Юсичев – «ProfIT» ЖК директоры:

– Зертханашы штрих-кодты сканерлейді. Кейін жүйе шыны түтіктердің қайда жөнелтілетінін, қай штативке қойылатынын анықтайды. Содан соң олар кабинеттерге жіберіліп, анализаторларға орналастырылады. Ал анализаторлар адам көмегінсіз-ақ, қандай тест жасау қажеттігін көрсетеді.

Содан соң, ол талдаулардың нәтижелері науқастардың электронды денсаулық төлқұжатына автоматты түрде жібереді. Осы арқылы дәрігер сырқат адам жайлы керек ақапартты біле алады.

Антон Юсичев – «ProfIT» ЖКдиректоры:

– Бұл жүйенің міндеті – бұл жұмысты автоматтандыру және зерттеудің сапасы мен жылдамдығын арттыру. Осы орайда айта кетейін, қолмен енгізу көп қаржы талап етеді. Сондай-ақ, науқасқа уақтылы диагноз қойылмайды.

Айта кетейік, алғаш болып 2012 жылы елордалық емдеу мекемесінде K-LAB зертханалық ақпараттық жүйесі пайда болған. Енді бұл жаңашылдық Қазақстанның барлық қалаларында дамуда. Ал, біздің өңірде ол пилоттық жоба ретінде іске қосылған.

Ешкенова Дана