Экология

“Таза орман” акциясы өтті

530 келі. Нақ осынша мөлшердегі қалдықты өңіріміздің белсенді жастары Мещан орманынан шығарған. Осылайша, қалымыздың 80-ге жуық студенті қатысқан “Таза орман” акциясы аясында тоғай біршама тазартылып қалды.

Өңірімізде орман-тоғайлар көп. Оларда тұрғындар жиі демалып, уақыт өткізеді. Алайда кейбірі өздерінен қалған қоқысты жинамай кететіндігі жасырын емес. Бүгін сол қалдықтарды өңіріміздің белсенді жастары бір жерге жимақ.

Ризабек Қазжанов, ұйымдастырушы:

– Мұндай акциялар жылда өткізіледі.Бұл акцияға көмек қолын созып жатқан табиғи ресурстарды қорғау мекемесі ұйымдастырылуымен өткізіліп жатқан іс-шара. Мұндай акциялар табиғат анамыз берген байлықтарды сақтау, экологиямызды қорғау мақсатында жүргізілуде.

Іске белсенді араласқандардың бірі – Нұржан Оразалинов. Ол М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде білім алады.

Нұржан Оразалинов, М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж студенті:

-Осындай акцияға екінші рет қатысып тұрмын.Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу қоғамға көптеп септігін тигізеді.

Жалпы бүгінгі шарада 530 келі қоқыс жиналған. Оның басым бөлігін Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері жиған. Олар орманнан 222 кг болатын қалдықты шығарған. Шара соңында оларға бағалы сыйлықтар беріліп, өзге қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

 

Актолкын Солтанханкызы