Құқық қорғау органдары

Есірткімен күрес!

Қоғам дертіне айналған есірткімен күрес. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Жастар жылы» аясында Ғ.Мүсірепов және Қызылжар аудандарының орталықтарында болып, жергілікті жастарға нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ведомствоаралық бағдарламаны таныстырды.

Шара барысында оқушыларға арнайы фильм көрсетілді. Соның арқасында 1 мыңға жуық бала синтетикалық есірткінің зардабы жайлы білді. Балғындардың өздері де кездесуге мықтап дайындалған сондықтан ұйымдастырылған байқаудың қортындысы бойынша 12 жасөспірім грамота және өңірдің бас полицейі Марат Төлебаевтың сыйлығына ие болды.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Алда сіздерді демалыс күтіп тұр. Осы уақытты жақсы өткізуге тілектеспін. Тек жаздың 3 айында аталмыш кездесуде айтылған ақпаратты ұмытпаңыздар. Және зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Есірткінің арты соқпақты екендігін естен шығармаңыздар.

Култанов Байболат