Балалар

Республикалық “Эко челендж” акциясы өткізілді

Табиғатты аялау – ортақ міндет. 26-мамыр Қазақстанның барлық қалаларында “Эко челендж” акциясы өткізілді.

Қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың парызы. Сондықтан осыны ескерген жастар қолдарына сыпырғыш пен тырнауыш ұстап қалалық саябақ аумағын қоқыстан тазартуда. Олардың арасында Анархан Сохибова да бар.

Анархан Сохибова – СҚО еріктілер клубының мүшесі:

 – Эко жүйені сақтау басты міндетіміз. Осыны жастар ретінде, адам ретінде де ұмытпауымыз жөн. Түрлі қоқыс қалдықтарын жинап, біз де эко жүйені сақтауға тырысамыз.

26-шы мамыр күні еліміздің барлық қалаларында «Эко челлендж» акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастаманы өңіріміздің белсенді жастары да қолдаған. Олар табиғатты қорғауды әркім өзінен бастау керек дейді.

Айгерим Карагуйшиева – СҚО еріктілер клубының мүшесі:

– Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастаймыз.Табиғатты аялау біздің міндетіміз. Эко челендждің мақсаты табиғатты аялау, сақтау, қорғау мақсатында құрылған болатын.

Айта кетейік, СҚО еркітілер клубына 350 жас мүшелік етеді.

 

 

Маржан Касымбек