Спорт

“Qyzyljar” ФК сырт алаңда жеңіске жетті

“Qyzyljar” футбол клубы жеңіске жетті. Кеше жергілікті аяқ доп шеберлері сырт алаңда Екібастұз құрамасын 1-3 есебімен ұтты.

Теріскейліктер сапынан көзге түскен жігіттерге тоқталайық. Алдымен Артем Чередиов белсенді. Ол небәрі 2-ші минутта есеп ашты. Кейін, Максим Драченко гол авторы атанды. Матчта Павел Кривенцев та қанжығасын майлады. Бұл кездесуден соң қызылжарлықтар турнирлік кестеде 6-шы орынға көтерілді. Қоржында 13 ұпай бар. Енді, жерлестеріміз келесі ойынды 31-ші мамыр күні, Қарасай стадионында теміртаулық Шахтер-Болат командасына қарсы өткізеді.

Култанов Байболат