Спорт

Нұрқожа Қайпанов халықаралық турнирде топ жарды

Спорт сүйер қауымнан сүйінші сұраймыз! Кеше солтүстікқазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Италияның Сассари қаласында өткен халықаралық турнирде алтыннан алқа тағынды.

70 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан жерлесіміз қарсыластарының барлығын айқын ұтты. Ол ақтық сында белоруссиялық спортшыны 6-да 0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Естеріңізге салайық, осыдан 1 ай бұрын ғана білекті баламыз Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, сарықұрлықтың үздігі атанған болатын. Жалпы, Италиядағы дүбірлі додада қазақстандық палуандар 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орын алды. Бұл ретте айта кетейік, жоғары санаттағы жүлде, яғни алтын алқаны Нұрқожа Қайпанов қана иеленді.

Култанов Байболат