Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл маңындағы саяжайлардан өрт шықты

Бүгін Петропавл маңындағы саяжайлардан өрт шықты. Тілсіз жау «Ракета» саяжай қауымдастығында бас көтерген.

Әуелі құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабар өрт сөндірушілерге сағат түскі бірден 12 минут кеткенде келіп түскен. Оның өзінде ақпар кешеуілдетіп хабарланған көрінеді. Апат орнына бірден 2 бөлімнің құрылымдары жіберіледі. От қураған шөптен саяжайдағы үйлерге ауысқан. Салдарынан 7 жазғы баспана жанып кетті. Оның 3-уі тұруға жарамсыз. Секундына 25-28 метр жылдамдықпен соққан қатты жел де мамандарды біраз әбігерге түсірді. Әрі тұрғын-жайлар тым жиі орналасса керек, арасынан өту қиындық тудырыпты.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Отты ауыздықтауға 13 техника мен 34 адам жұмылдырылды. Ауа райы құрғақ әрі қатты жел кедергісін келтірді. Бар күшімізді жұмсап жатырмыз. Су үздіксіз жеткізілуде.

Маржан Касымбек