Қоғам

Өңірдің еңбек нарығындағы жағдай

14 мың 600. Бүгінде осынша солтүстікқазақстандық азамат жұмыссыз отыр. Осылайша, үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс күшінің саны 305 мың 500 адамды құрап отыр. Бұл – өңір халқының 55%. Өнеркәсіп пен құрылыста – 32 мың адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 87 мың, ал қызмет көрсету саласында шамамен 172 мың адам еңбек етеді. 34 жарым мыңнан астам жерлесіміз жеке кәсіпкерлікпен айналысады екен. Ал жалдамалы қызметкерлердің саны – 214 мың.
Саят Ермек