Қоғам

Дін өкілдерінің кездесуі

Петропавлда облыстық діни бірлестіктер көшбасшылары клубының кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы жиын қатысушылары 4 бірдей тақырып төңірегінде әңгімелесті.

Мәселен, шара барысында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу туралы және әнұранды әрбіріміз жатқа білу қажеттігі айтылды. Әлеуметтік желілердегі қауіп пен “Жусан-2” операциясын жариялау жайлы да баяндалды. Осы бағыттарда балалармен кездесіп, зиянды ақпараттардың қатерін түсіндіру жоспарланып отыр. Президент сайлауы да талқыланды. Дін өкілдері саяси додаға барлық тұрғындарды шақыра келе, мемлекет басшысының бойында болуы керек қасиеттерді ортаға салды.

Мұхаммадзахир Мирзаев – «Қызылжар» облыстық орталық мешiтiнің наиб имамы:

– Ол әрқашанда елдің қамын, елдің болашағын ойлайтын адам болуы қажет. Ұлтаралық, дінаралық келісімді, бейбітшілікті сақтайтын адам болса, еліміздің болашағы жарқын болады.

Магжан Ахмадина